Сөйлей сөйлей, шешен боларсың. Қостанайда «Полилог – 2025» байқауы өтті. Шырақбек Қабылбаев атындағы Академия қабырғасында ұйымдастырылған пікірсайыс алаңына курсанттар мен өзге де оқу орнының студенттері қатысты. Шешендікті шыңдайтын сайыста қатысушылар түрлі тақырыпты талқылап, ой еркіндігін, сыни көзқарасын және топ алдында сөйлеу қабілеттерін көрсетті.