«Дүниежүзілік тазалық күні» БҰҰ ұйғарымымен 2023-жылдан бастап атап өтіліп келеді. Содан бері тұтас төрткүл дүниеде жаппай тазалық акциялары ұйымдастырылуда. Жер  - жаһан жұртшылығы жұмылдырылатын игі науқаннан Қазақстан да қалыс қалмады. Айтулы күнге орай облыс орталығында да арнайы сенбілік өтті.