Жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен толық қамту – Мемлекет басшысы Жолдауда жүктеген басты міндет. Алда күздің екі айы ғана қалғанын ескерсек, жұмыс қарқынын арттыра түсу қажет. Қазір өңірде құрылыс ерекше екпінмен жүріп жатыр. Әсіресе, Заречный ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстардың жылдамдығы көңіл қуантады. Бүгінде елді мекенде жаңа су құбыры тартылып, тұрғындар көптен күткен таза ауыз суға қол жеткізуге жақындап қалды. Толығырақ тілші тарқатсын.