Қостанайда жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу мақсатында вакциналау іс-шаралары қызу жүріп жатыр. Алғашқылардың бірі болып облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы салдырды. Екпе салғаннан кейін ағзада тұмауға қарсы иммунитет пайда болады, сондықтан қорықпай алу керек, дейді Еркебұлан Баязитов. Айтуынша, өңірге Ресейден Гриппол плюс вакцинасының 80 мың дозасы жеткізілген. Бұл, халықаралық стандарттарға сай, әрі қауіпсіз екенін алға тартты.