Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік» республикалық экспедициясының солтүстік өңірлерге сапары басталды. Ол теріскей аймақтарда 10-22 қыркүйек күндері аралығында өтетін болады. Құрамында белгілі  этнографтар, мәдениеттанушы ғалымдар мен қаламгерлер бар экспедиция мүшелері Тобыл топырағына табан тіреді.