ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі жұмыс сапарын Денисов ауданында жалғастырды. Глебов ауылында салынып жатқан су тарату желілерінің құрылысын көріп, атқарылған шаруалармен танысты. Қазіргі таңда құрылыс аяқталуға таяды. Резервуар және магистраль орнатылған. Су тарату желілері ауыл ішіне дейін тартылған. Бүгінде 115 үйге су келіп тұр. Қалған 40 үйге қыркүйек айының соңына дейін су кіргізу жұмыстары қалып отыр.