Еліміздің 19 қаласында республикалық «JARQYRA» кастингі өтті. Қазақ киносы күніне орай ұйымдастырылған ауқымды жоба отандық кино индустриясына жаңа есімдерді тартуды көздейді. Солардың бірі Қостанай қаласында ұйымдастырылды. Кастинг алаңы ретінде Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана таңдалды.