Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім беру саласына ерекше тоқталды. Бұл бағытты цифрландыру ісін қолға алуға басымдық берді. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері секілді дамыған елдердегідей жасанды интеллектке негізделген министрлік құру идеясын да ұсынды. Ол болашақ жастардың заман ағымымен жүруіне ықпал етпек. Қазір еліміздің бірқатар оқу орнында жасанды интеллект бойынша арнайы курстар өткізіліп, оқу жоспарына енуде.