Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында облыс әкімінің оңтүстік өңірлерге жасаған жұмыс сапары Амангелді ауданында жалғасын тапты. Батпаққара жерінде салынып жатқан көпсалалы туристік кешеннің құрылыс барысымен танысқан аймақ әкім бұл нысанды Торғай өңірінің бойтұмары ретінде бағалап, оның болашақта шетелдік туристердің үлкен қызығушылығын тудыратынына және Қостанай облысына жаңа қонақтар легін әкелетініне сенім білдірді.