Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауылшаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін баса айтқан болатын. Аталған салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары ауқымды реформа жүргізуде. Осы бағытта биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы саласына инвестиция салудың да маңызы жоғары. Жергілікті ғалымдардың пікірінше, бұл саланың дамуына жаңа леп бермек.