Қостанайда Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған облыстық әдеби байқау өз мәресіне жетті. «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылған додаға мұрындық болған «Аманат» партиясының Қостанай облыстық филиалы мен Қазақстан жазушылар одағының өңірлік қосыны. Негізгі мақсат – алаш зиялысының шығармашылығын насихаттап, қазақ әдебиетінің дамуына серпін беру.