Өзге де тақырыптар жөнінде. Биыл Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының құрылғанына - 50 жыл. Мерейтойға орай театр тарихы жазылған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Оған Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов пен Қазақстанның халық әртістері Нұржұман Ықтымбаев, Лидия Каденова, Досқан Жолжақсынов және басқа да өнер қайраткерлері мен еліміздің өзге де өңірлерінен арнайы келген театр ұжымдары қатысты.