Ел бойынша қазіргі күні еңбекке қабілетті 10 мыңнан астам адам абақтыда отыр. Олардың жартысынан көбі жұмыспен қамтылған. Жүйелі шараларды Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті де іске асырып келеді. Мәселен, №38 - ші түзету мекемесінде екі өндірістік ангар салынып жатыр. Құрылысы аяқталған соң, қосымша жұмыс орындары пайда болмақ.