Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсат апатты білім ошақтары, үш ауысымды оқыту және оқушы орындарының тапшылығы мәселелерін шешу. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысында осы бағытта атқарылып жатқан істер баяндалды.