Мемлекет басшысы өз Жолдауында елдің инфрақұрылымын арттыру мен халықты баспанамен қамту мәселесіне баса назар аударған болатын. Ондаған жыл бойы, Үкімет пен Жергілікті атқарушы биліктің әрекетсіздігі салдарынан еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қараусыз қалып, оның жай-күйі нашар жағдайға түскенін сынға алды. Президент тапсырмасымен Қостанайға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов келіп, облыс орталығының қазіргі ахуалымен танысты.