«Аманат» партиясында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. Жиында елдің саяси жүйесін жетілдіру, бір палаталы Парламент құру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері назарға алынды. Жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға арналған нақты ұсыныстар әзірленіп, партия қызметінің алдағы басым бағыттары айқындалды.