Ертегілер еліне саяхат. Биыл Қостанай облыстық қуыршақ театры 40 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы мерейлі белеске орай, театр халықаралық деңгейдегі ауқымды шара – «Kostanay Puppet Life» атты қуыршақ театрлары фестивалін ұйымдастырды. Көрермен қауымы сан түрлі жанрдағы қойылым, қуыршақ өнерінің терең тарихы мен бай дәстүрлерімен танысу сынды қызықты сәттерге куә болды.