Қостанай облысының құрметті азаматы, майдангер, айтыс өнерінің жүйрігі, қаламы қарымды журналист Қасымхан Алдабергенұлы 100 жасқа толды. Бұл тек бір адамның ғұмыры ғана емес, бүтін бір ғасырдың шежіресі, өнегелі өмірдің мәңгілік мектебі. Ол жыр мен әуенді, көне мақамды бүгінгі күнге жеткізіп, өшпес өнердің отын маздатқан дара тұлға. Жүзге келсе де, жүрісі ширақ, ойы сергек, әлі де елдік сапта тұрған жан.