Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді. Оған Қостанай облысының әкімі және өңір диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты. Құмар Ақсақалов аймақта күзгі жиын-терім жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқанын жеткізді.