Су саласында нысандарды жаңарту. Цифрлық технологияларды енгізіп, тіршілік нәрін үнемдеуді қамтитын ауқымды жаңғыртуды жалғастыру. Бұл реформалардың мақсаты - суды тұрақты әрі тиімді пайдалануды, өзгермелі климат жағдайында қауіпсіздікті, сондай-ақ су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ҚР Үкіметінің аймақтық және басқару инспекциясы  «Қостанай-су» кәсіпорнында тексеріс жүргізді.