Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биыл Қостанайда 8456 азамат жұмыспен қамтылды. 1935 адам тұрақты жұмысқа орналастырылғанымен, электрондық еңбек биржасындағы жаңа есептеу талаптарына байланысты ресми түрде тек 1185 адам ғана тіркелген. Бұл туралы қала әкімінің қатысуымен өткен жиында «Мансап» орталығының басшысы мәлімдеді.