Жыл басыннан бері Қостанайда жол - көлік оқиғасы 31,4 пайызға өскен. Өткен жылы 347 апат болса, биыл 456 оқиға тіркелген. Жүзге жуық адам зардап шегіп, 2 адам қаза болған. Құқық қорғау органдары бұның негізгі себептерінің бірі ретінде жол қозғалысы ережелерін елемеу мен есепке алу тәртібінің өзгеруін атады.