Торғай өңірі ұлт ардақтысы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығын атап өтуге тас-түйін дайын. Мерейтойды мерекелеуге аптадан аз уақыт қалды. Осыған орай тарихи тұлғаның Бидайық ауылындағы музей үйі толық реэкспозицияланып, кесенесі қайта жаңғыртылды. Облыс әкімі ауданға жасаған іссапарында рухани орындарды аралап қайтты.