Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында соңғы жылдары Қостанай өңірінде туризм саласы жаңа белеске бет алып, ішкі және сырттан келетін саяхатшылардың қызығушылығын оята бастады. Әсіресе, Амангелді ауданында бой көтеріп жатқан көпфункционалды кешен – осы бағыттағы ілкімді жобалардың бірі. "Туған жердің тұмса табиғаты мен терең тарихы турист тартатын күн алыс емес", – дейді жергілікті жұрт.