«Қолөнер – ұлттық мұра ғана емес, тәрбие құралы». Себебі, ісмерлік өнер жас буынды еңбекке баулиды, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Сырбай Мәуленов атындағы гимназиядағы қолөнер үйірмесінің жетекшісі осылай дейді. Сөзінше, соңғы жылдары бұл салаға қызыққан жастардың саны көбейген. Аталмыш өнер, әсіресе, оқушылар арасында кең тараған. Сол себепті де жыл сайын білім ордаларында бір емес, бірнеше үйірмелер ашылып жатыр.