Жақында ашылған жаңа көпфункциялы қызмет көрсету орталығының жұмысы қарқын ала түсті. Мұндағы қызмет көрсету жүйесі тексеріліп, арнайы бақылау жүргізілді. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы орталықтағы қызмет барысымен танысып, тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасын саралады.