Бидайық – шағын ғана ауыл. Бар болғаны 12 үй, 70-ке жуық тұрғыны бар. Алайда, осы бір аядай елді мекеннің айбынын арттырып тұрған ерекшелігі бар. Ол Алаш арысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының кіндік қаны тамған жер. Биыл аталған тұлғаның 140 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтпек. Мерейтой қарсаңында ауыл ішінде жол құрылысы жүргізіліп, елдің еңсесін көтерген жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда барлық жөндеу жұмыстары аяқталған.