Лисаковтық кәсіпкерлер қала дамуына елеулі үлес қосып жүр. Мәселен, жақында бизнес өкілдерінің қолдауымен шағын шаһарда арт-нысан салынды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорт нысандары да бой көтерді. Өңір басшысы шырайлана түскен шағын шаһардың тыныс-тіршілігімен танысып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралады.