Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыз – мемлекетіміздің саяси және құқықтық жүйесінің берік іргетасына айналды. Айтулы датаға орай облыс орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, құқық қорғау, прокуратура, адвокатура мен әділет саласында еңбек етіп жүрген бірқатар мамандарға Құрмет грамоталары табысталды.