Конституция – этносаралық келісімнің берік іргетасы. Қостанайда Конституция күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай диалогтық алаң өтті. Іс-шараның мақсаты – Ата Заңның мемлекетіміздің құқықтық негіздеріндегі этносаралық келісімді қамтамасыз етудегі рөлін талқылау. Жиынға арнайы Астана қаласынан Конституциялық Сот өкілі, мемлекеттік қызметкерлер, облыстық Ассамблеяның және этномедиация кеңесінің өкілдері қатысты.