Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда "Прогрессивті ұлтқа айналу үшін кітапты бала кезден бастап оқуға дағдылану қажет" деген еді. Жақында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасы бастау алғанын жариялады. Аталған жобаға еліміздің үш өңірі таңдалды. Олар Шымкент қаласы мен Қарағанды және Қостанай облысы.