Облыс әкімі жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына барды. Сапар аясында өңір басшысы алдымен бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Тұрғындармен кездесіп, толғандырған мәселелерді талқылады. Әкім ауылды өркендетуде халықтың пікірі ескерілетінін атап өтіп, тұрғындарды белсенді болуға шақырды.