Қостанайда «Тобыл» көлік-логистика кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Ірі инфрақұрылымдық жоба тек өңір емес, ел экономикасының да дамуына серпін береді. Нысан құрылысының салтанатты рәсіміне ҚР премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев арнайы қатысты.