Заң талаптарын орындамаған сотталғандар ерекше қадағалауда. Осы мақсатта оларға бақылау білезіктері тағылады. Қостанай облысының қылмыстық атқару жүйесінде осындай 130 құрылғы бар. Электронды бақылау құралдары қылмыстық жазасын өтеген және шартты түрде сотталғандарға қатысты қолданылады. Бұл жүйе құқық қорғау органдарының жұмысын оңтайландырып, сыбайлас жемқорлықты азайтуға да ықпал етуде.