Депозит – азаматтардың банкте белгілі бір мерзімге немесе талап етуге дейінгі шартпен сақтайтын қаражат жинағы. Банк салымшыдан алынған қаржы үшін пайыз түрінде табыс төлейді. Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елдегі банк салымдарының көлемі 34,6 триллион теңгеге жеткен. Оның 15,2 триллионы – жеке тұлғаларға тиесілі. Бұл көрсеткіш халықтың депозитке деген сенімі артқанын аңғартады.