Шағын шаһар күн сайын шырайланып келеді. Арқалықта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы белсенді жүзеге асуда. Бұл шараға «Жасыл ел» жасақтарының қосып жатқан үлесі зор. Олар қаланың саябақтары мен мәдени нысандары маңайын көгалдандыру, тазалау, абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысып, қоршаған ортаны қорғауға өзіндік үлестерін қосуда.