«Ауыл – елдің алтын діңгегі. Ал оны дамыту - еліміздің болашағына жол ашу», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент тапсырмасына сай ауылдық өңірлерді өркендету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Сол бастамаларға серпін беретін ауқымды шаралардың бірі – Қостанай қаласында өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық кеңесі.