Полицейлер ерлік көрсетті. Олар жанып жатқан ғимараттан ер адамды аман алып шықты. Оқиға Алтынсарин ауданына қарасты Щербаков ауылында түнгі уақытта болған. Кезекші бөлімге нысанның өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, оларға учаскелік инспекторлар да көмекке келген.