Соңғы жылдары ветеринария саласында айтарлықтай даму байқалады. Мал ауруларының алдын алу шаралары күшейіп, зертханалық база жаңартылды. Елді мекендерде жаңа ветеринарлық пункттер салынып, мал дәрігерлерінің жұмысы заманауи талаптарға сай жаңғырып келеді. Қостанай облысында бүгінде 850-ден астам маман қызмет етеді. Олардың қатарында жарты ғасырдан астам тжәрибесі бар мамандар да еңбек жолын енді ғана бастаған жастар да бар.