Қостанайда Бірыңғай қызмет алушы күні өтті. Іс-шара барысында тұрғындар түрлі мемлекеттік мекемелердің мамандарынан нақты ақпарат алып, көкейдегі сауалдарын тікелей жауап табу мүмкіндігіне ие болды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, сәулет, спорт және цифрландыру салалары бойынша ақысыз қызметтер ұсынылды.