Президент бастамасымен елімізде «100 кітап» сауалнамасы өтуде. Аталған жоба бүгінде барша өңірде қолдауға ие. Қостанай облысында да кең көлемде насихатталып келеді. Облыстағы зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер мен кітапхана қызметкерлері, белсенді жастар бұл бастамаға айрықша атсалысуда.