Қостанай қаласы бүгінде тұрақты даму жолында. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Сан салада өсім бар. Соңғы алты айда шаһар бюджетінің шығысы 60 млрд теңгеден асып, мақсатты игеріліп келеді. Қаражаттың басым бөлігі құрылыс, абаттандыру жұмыстарына жұмсалуда.