Қазақстан экономикасы биылғы қаңтар-маусым айларында 6,2 пайыздық өсімді көрсетіп, оң қарқынмен дамуда. Бұл – соңғы 14 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Үкімет отырысында айтылған мәліметке сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 19,3 пайызға артқан.