Елімізде баспана реформасы тиімділігін көрсетіп келеді. Пәтер иелері кооперативтерінің орнына мүлік иелерінің бірлестігі құрылғалы тұрғын үй кешенін дамыту, ауланы абаттандыру, көгалдандыру сынды іс-шараларды ұйымдастыру жеңілдеді. Бұл жергілікті азаматтардың пікірі. Тіпті, кейбір көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесінен шағын кітапханалар да ашыла бастады.