Ал маусымдық жеміс-жидектер қаншалықты қауіпсіз? Көкөніс пен қауын-қарбыз саудасы қызған мезгілде мамандар барынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды естен шығармауға шақырады. Себебі, бұл өнімдер ішек инфекцияларының өршуіне алып келуі мүмкін. Жаздың алғашқы айының өзінде 50-ден астам адам дәрігерлер көмегіне жүгінген.