Қазақстанның моноқалаларын дамытуға қомақты қаражат бөлінеді. Бұл ретте, Жітіқара әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын қажет ететін қала қатарына енгізілді. Ал, шағын шаһардың қазіргі күні шаруасы қаншалықты ширақ? Аудан әкімі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.