Қала бойынша жануарлардың адамдарға залал келтіру жағдайы көбейген. 6 айдың аралығында емдеу ұйымдарына 603 жәбірленуші келіп шағымданған. Ал 2024 жылы дәл осы уақытта 483 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында айтылды.