Қостанайда «Ерекше дәрігер» атты қазақстандық фильмнің тегін көрсетілімі өтті. Фильм ерекше тақырыбымен назар аудартты - мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар қосалқы кейіпкер емес, негізгі оқиғаның толыққанды қатысушылары ретінде көрсетілді. Көрсетілімге көрермендермен қатар, шығармашылық топтың өкілдері мен режиссёрдің өзі де қатысты.