Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Береке шағын ауданында салынып жатқан үстел теннисі орталығының құрылыс алаңына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Нысанның құрылысы осы жылы мамыр айында басталған. Екі айдың ішінде іргетасы қаланып, жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Аймақ басшысы мердігер ұйымға жұмыстың сапасына ерекше мән беруді тапсырды.