Құмар ойын – тез табысқа кенелудің жолы емес, керісінше өмірді құрдымға кетіретін қауіпті әдет. Қостанай облысында лудоманияға шалдыққандардың саны артып отыр. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында полиция департаменті «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне 636 сілтемені тіркеп, барлығы бұғатталған.